Иман ләззаты

Иман ләззатын тату әрбір жұмыр пенделіге нәсіп болмаған ұлы нығмет. Бұл нығметтің кейбір белгілері осы өмірде сезілгенімен шынайы иман ләззатын адамдар тек жәннатта сезеді. Бұл дүниеде иман ләззатын сезген адам әр кез сол нығметтің үздіксіз келіп тұрғанын қалайды. Ол болашақтағы өмірін имансыз суреттей алмайды. Өйткені ол оған жүрек тыныштығын, шынайы бақыттың не екенін сездіртті. Алла тағала Құран кәрімде:

{فَمَنْ يُرِدِ اللَّهُ أَنْ يَهْدِيَهُ يَشْرَحْ صَدْرَهُ لِلْإِسْلَامِ وَمَنْ يُرِدْ أَنْ يُضِلَّهُ يَجْعَلْ صَدْرَهُ ضَيِّقًا حَرَجًا كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُ فِي السَّمَاءِ كَذَلِكَ يَجْعَلُ اللَّهُ الرِّجْسَ عَلَى الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ}

Сонда Алла, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығарып бара жатқандай өте тар қылады. Осылай Алла, иман келтірмегендерді қорлайды.[1]

         Басқа бір аятта:

{أَفَمَنْ شَرَحَ اللَّهُ صَدْرَهُ لِلْإِسْلَامِ فَهُوَ عَلَى نُورٍ مِنْ رَبِّهِ فَوَيْلٌ لِلْقَاسِيَةِ قُلُوبُهُمْ مِنْ ذِكْرِ اللَّهِ أُولَئِكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ }

Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда.[2]

         Иман ләззаты дегеніміз не?

Иман ләззаты жайында Имам Науауи былай деген: «Ғұламаларымыз Алла олардан разы болсын иман ләззаты жайында сұралғанда құлшылықтардан ләззат алу, Алланың және оның елшісінің разылығы үшін қиыншылықтарға төтеп беру, құлдың Раббысына деген шексіз махаббаты және Мұхаммедтің  (с.а.у) сүйікті ізбасары болуға ұмтылу.[3]

Иман ләззатына жету жолдары:

1-Алла және оның елшісін шынайы түрде жақсы көру. Әнастан келген хадисте:

 (( ثَلَاثٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ وَجَدَ بِهِنَّ حَلَاوَةَ الْإِيمَانِ: أَنْ يَكُونَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِمَّا سِوَاهُمَا، وَأَنْ يُحِبَّ الْمَرْءَ لَا يُحِبُّهُ إِلَّا لِلَّهِ، وَأَنْ يَكْرَهَ أَنْ يَعُودَ فِي الْكُفْرِ بَعْدَ أَنْ أَنْقَذَهُ اللهُ مِنْهُ، كَمَا يَكْرَهُ أَنْ يُقْذَفَ فِي النَّارِ ))

               «Үш  нәрсе егер адамның бойында болса, иман ләззатын табады: Алла және оның елшісі барша жаратылыстан жақын болмайынша, бір адамды жақсы көрсе, тек Алланың разылығы үшін жақсы көру, ол үшін күпірлік және одан Алла құтқарғаннан кейін оған қайтып оралу, өзін отқа лақтырғаннан да ауырырақ болмайынша.» делінген.[4]

Адамның бойында бұл сезімдер орын алмайынша ол шынайы мұсылман болмайды. Адам Аллаға және Оның пайғамбарына (с.а.у) деген махаббатпен ғана жүрегі жай табады, тынысы кеңейеді, жүрек ауруларынан айығып, ішкі түйсік көзі ашылады. Өйткені ол Алладан басқаны жаратушы деп танымаған, адамзаттың ішінде ең ардақты деп тек пайғамбарды (с.а.у) ғана үлгі тұтқан. Діннің барлық тиымдары мен әмірлерін мүлтіксіз қабылдаған, орындаған. Пайғамбарымыздың (с.а.у) бір хадисінде:

((ذَاقَ طَعْمَ الْإِيمَانِ مَنْ رَضِيَ بِاللهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولًا))

«Кімде-кім Алланы Раббы деп, Исламды дін деп, Мұхаммедті пайғамбар деп таныған болса, иман дәмін татқаны»[5].

Бұл хадис турасында Имам Науауи: Яғни, Алладан басқаны жаратушы деп танымайды және одан басқадан сұрамайды, ислам жолынан басқа жолды қаламайды пайғамбарымыз (с.а.у) әкелген шариғи жолдан ауытқымайды, бекем болады. Міне, осы сипаттаға адамдар иманның дәмін татады.

Пайғамбарымызға (с.а.у) махаббат жайында мүбарак хадисте былай деп айтылады:

(( لَا يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى أَكُونَ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِنْ وَلَدِهِ وَوَالِدِهِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ))

           «Сендер мені балаларыңнан, ата-аналарыңнан бүкіл адамзаттан қарағанда жақсы көрмейінше толық иман келтірмейсіндер»[6]

Басқа бір хадисте:

وعن عَبْد اللَّهِ بْن هِشَامٍ-رضى الله عنه-، قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ -صلى الله عليه وسلم- وَهُوَ آخِذٌ بِيَدِ عُمَرَ بْنِ الخَطَّابِ، فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَأَنْتَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ إِلَّا مِنْ نَفْسِي، فَقَالَ -صلى الله عليه وسلم-: ((لاَ، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، حَتَّى أَكُونَ أَحَبَّ إِلَيْكَ مِنْ نَفْسِكَ)) فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: فَإِنَّهُ الآنَ، وَاللَّهِ، لَأَنْتَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ نَفْسِي، فَقَالَ -صلى الله عليه وسلم-: ((الآنَ يَا عُمَرُ))([9]) (لا) لا يكمل إيمانك. (الآن) كمل إيمانك.

Бірде Омар пайғамбарымызға (с.а.у): «Сен мен үшін барлық нәрседен сүйіктісің тек, өзімнен басқадан» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жаным құзырында болған Алламен ант етейін, өзіңнен де жақын болмайынша толық иман келтірмейсің» деді. Сол кезде Омар: «Шынында қазір мен үшін сен жанымнан да жақынсың» деді. Сол кезде пайғамбарымыз (с.а.у) : «Енді міне Омар иманың толық болды» деді[7].

Біздің пайғамбарға деген махаббатымыз оған (с.а.у) ерумен, сүннетін орындаумен, сөздеріне, істеріне құлақ асумен, тиымдарынан алыс болумен, оның жолына басқаларды шақырумен танылады.

2- Адамды тек Алланың разылығы үшін жақсы көру:

Пайғамбарымыз (с.а.у):

مَثَلُ الْمًؤْمِنِينَ فِي تَوَادّهِمْ  وَ تَرَاحُمِهِمْ وَ تَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ إِذَا اِشْتَكَى مِنْهُ عُضوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرَ الْجَسَدِ بِالسَّهْرِ وَالْحُمَّى

«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады»,[8] — деген.

Денені құраған ағзалар бірігіп жұмыс жасаған уақытта дене сау болатыны сияқты қоғамның мүшесі саналатын адамдар да бауырмашылдықта өзара сүйіспеншілдікте болса, өркендеп гүлденеді, имандылығы жеміс береді.

Үшінші: Ол үшін күпірлік және одан Алла құтқарғаннан кейін оған қайтып оралу ол үшін өзін отқа лақтырғаннан да ауырырақ болу.

Шынайы түрде иман келтірген адам сол жолда барынша бекем болуға, уысынан шығаруып алмауға тырысады, ол үшін бұл жолды тастау оны тірідей отқа лақтырғаннан да ауыр. Алла тағала құран кәрімде:

{وَلَكِنَّ اللَّهَ حَبَّبَ إِلَيْكُمُ الإِيمَانَ وَزَيَّنَهُ فِي قُلُوبِكُمْ وَكَرَّهَ إِلَيْكُمُ الْكُفْرَ وَالْفُسُوقَ وَالْعِصْيَانَ أُوْلَئِكَ هُمُ الرَّاشِدُونَ}.

         Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.[9]

         Иман ләззатының дәмін бір тартқан адам одан ешқашан ажырағысы келмейді оған жетуге тосқауыл болатын өмірдің қиыншылықтары мен сынақтары оны тоқтата алмайды. Оны бұл дүниеде үлде мен бүлдеге орап қоюды уәде етсе де Алланың сызып қойған межесінен аттап өтпейді. Алла тағала Құран кәрімде Юсуф алейһиссаламды сипаттаған кезде, ол түрмедегі қиын өмірін, хан сарайындағы салтанаттағы өмірінен абзал санады:

{رَبِّ السِّجْنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدْعُونَنِي إِلَيْهِ}.

 (Юсып Ғ.С.): Раббым! Бұлардың, мені істеуге шақырған істерінен маған зындан сүйкімдірек.[10]

Төртінші: Аллаға құлшылық жасауда ыжтаһадтылық .

Алла тағала Құран кәрімде:

{وَالَّذِينَ جَاهَدُوا فِينَا لَنَهْدِيَنَّهُمْ سُبُلَنَا وَإِنَّ اللَّهَ لَمَعَ الْمُحْسِنِينَ}

Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеушілермен бірге.[11]

           Құлшылық үшін де ыжтаһадтылық пен сабырлық қажет оның нәтижесі сол құлшылықтан ләззат алумен аяқталады. Сол себепті әрбір құлшылыққа бет бұрған кезде өмірінің соңғы сәтіндегі құлшылық секілді атқаруы тиіс. Әр кез ол құлшылықты әлемдердің Раббысы үшін жасап жатқанын ұмытпауы қажет. Дәрет алғанда әрбір мүшенің қамтылуы және сол мүшелердің кияметтегі жағдайларына ой жүгіртуі әлебетте құлшылықтың көркем түрде атқарылуына септігін тигізеді. Пайғамбарымыздың (с.а.у) : «Ия Біләл намазбен бізді рахатқа бөле» деуінде сол намазға деген махаббаты айқын көрініс тапқандай. Атақты табиғин Хасан Басридың мынандай сөзі бар:

تَفَقَّدُوا الْحَلَاوَةَ فِي ثَلَاثَةِ أَشْيَاءَ: فِي الصَّلَاةِ وَفِي الذِّكْرِ وَقِرَاءَةِ الْقُرْآنِ، فَإِنْ وَجَدْتُمْ وَإِلَّا فَاعْلَمُوا أَنَّ الْبَابَ مُغْلَقٌ

               «Ләззатты үш нәрседен іздеңдер: Намазда, зікірде, құран оқуда. Егер одан таппасаңдар сендер үшін әзірге оның есігі жабық» деген.[12]

Бесінші: Құлшылық түрін түрлендіру.

Ислам шариғатының кемелдігінің бір көрінісі – құлшылықтар әртүрлі бірі денемен жасалса, бірі дүниемен жасалынады, енді бір құлшылық дене, дүниемен бірге жасалынады. Сонымен қатар көрінетін құлшылықтар бар, көрінбейтіні де бар. Адам ораза ұстауы мүмкін, намаз оқуы мүмкін, құран оқып ілім алуы да мүмкін, үнсіз отырып Алланың жаратылыстарына ой жүгіртіп зікір етуі мүмкін. Осы құлшылықтардың барлығын Алланың разылығы үшін жасайтын болса, иман ләззатына қол жетеді.

Аллаһым біздерге иман ләззатын сездірте көр!

«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы

Хамзат Қажымұратұлы

[1] Анғам сүресі  125-аят.

[2] Зумар сүресі, 22- аят.

[3] Шарх ән-Науауи әла Муслим.

[4] Бұхари хадистер жинағы.

[5] Мүслім хадистер жинағы.

[6] Бұхари хадистер жинағы

[7] Бұхари хадистер жинағы

[8] Муслим хадистер жинағы

[9] Хужурат сүресі, 7-аят.

[10] Юсуф сүресі, 33-аят.

[11] Анкабут сүресі, 69-аят.

[12] Мәдәәрижу әссәликин.

Return to Top ▲Return to Top ▲