Жетім балаларға жасалған қайырымдылық

«Жетім көрсең жебей жүр» деген бабаларымыздың өсиетін негізге ала отырып, 2-қыркүйек күні «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға «мектепке жол акциясы» аясында қайырымдылық көмек жасалды. Қайырымдылық шарада балаларға қажетті киім-кешектер мен аяқ-киімдер тегін таратылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Исаев Қасымхан жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, бұндай игі шаралардың болашақта да жалғасатынын жеткізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲