Жас ұрпаққа насихат

Петропавл қаласындағы Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінде «Тәрбие тұғыры-имандылық» тақырыбында  экстремизм  және терроризмнің  алдын алуға орай 8-9 cынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы қатысып, оқушыларға шынайы мұсылманның келбеті жайында қазіргі кездегі дін атын жамылған ағымдар жайында айтты. Өзекті мәселе ретінде оларға ермеу жолдары,  қарастырылды. Аталмыш отырысқа құқық қорғау органының қызметкері, ұстаздар қатысты. Кезедесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толық жауап алынды.

«Қызылжар» орталық мешітінің 

Баспасөз қызметі

DSC_0434 DSC_0437

Return to Top ▲Return to Top ▲