Жастармен кезекті кездесу өтті

«Болашақ–жастар қолында» демекші, ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітінің имамдары жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түскен студент жастармен кездесулер өткізді. Кезекті кездесудің бірі  – қаламыздағы кәсіби-педогогикалық колледжінде І курс студенттерімен өтті. Кездесуге «Қызылжар» орталақ мешітінің наиб имамы Исаев Қасымхан қатысты. Жиын барысында ҚМДБ-ның 2015 жылғы форумында қабылданған кітаптармен таныстырып, тұғырнамада бекітілген: «Ислам және ұлт», «Ислам және салт дәстүр», «Ислам дінаралық қарым-қатынас және толеранттылық» атты тақырыптар қозғалып, әрбір ұлт өкіліне құрметпен қарау, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болу т.б турасында уағыз айтылды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушы жастарға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, олардың жетегінде еріп кетпеудің жолдары туралы да ақпараттар берілді. Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптарын алып, қатысушыларға мешіт атынан кітіапшалар таратылды.

20160126_134836 20160126_134820 20160126_134759

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲