Жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру мәселесі қаралды

Алматы орталық мешітінде қала имамдарына арналған бір күндік семинар өтті. Семинардың мақсаты – ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру. Семинарда Бас имам Нұрбек қажы Ауесханұлы сөз сөйлеп, барлық жерде аталмыш рәсімнің бірдей өтуінің пайдасын атап өтті.

Жиналған имамдарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы ұстаз дәріс оқыды. Дәріс Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы бойынша жүргізілді.

Сонымен қатар имамдар «Рухани жаңару» орталығының директоры Алмас Бекболатұлының «Шешендік өнер» дәрісін де тыңдады.

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲