ЕЛ БІРЛІГІ ПАШ ЕТІЛДІ

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Уәлиханов ауданында да атап өтілді. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге аудандық мешіттің жамағаты да қатысты. Олар шеруге қосылумен шектелген жоқ. Өзге этностардың өкілдерін тоғыстырған қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдар қойылған мерекелік көрмені жайнатуға олар да қатысты. Көрменің көркі болған ұлттық тағамдарын молынан ұсынған олар өздерінің белсенділіктерін осылай да таныта білді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

1 мамыр 4  1 мамыр 2 1 мамыр  1 мамыр 3

Return to Top ▲Return to Top ▲