ДІН ӨКІЛДЕРІ ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА

Облыс орталығында тарих және дінтану пәндері мұғалімдерінің қатысуымен өткен «Отанымыздың мәдениеті мен рухани салт-дәстүрлері арқылы оқушының жеке адамгершілік тұлғасының қалыптасуы» тақырыбындағы семинарға «Қызылжар» орталық мешітінің найб иамамы Аян Алыпқашев та шақырту алды. Ол Қасиетті Сергей Радонежскиий құрметіндегі орта мектепте өткен шарада ислам дінінің оқушы бойына адами құндылықтарды дарытуға сүбелі үлесі жайлы әңгімеледі. Биыл «Дін мен дәстүр» жылы, осыған орай «Қызылжар» орталық мешіті тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ең бастысы, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ықпал етуді көздейміз, деді Аян Болатұлы.

Сондай-ақ, облыстық дін істері басқармасының, православ шіркеуінің өкілдері де сөз алып, барлық діннің көздегені татулық, бірлік, адами құндылықтар екенін айтты. Сондықтан мектеп ұстаздарына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ал оларға дін мамандарының ақыл-кеңесінің маңызы зор, деп тарқасты шараға қатысушылар.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲