Дін басшылары: басты байлығымыз – бірлігіміз

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды қабылдады.

Кездесуде тараптар еліміздегі дінаралық татулық, халықтардың бірлігі, әлемдегі діни ахуал туралы ой бөлісті. Сондай-ақ дін басшылары дәстүрлі діндерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау мен қамқорлық шараларына айрықша тоқталды.

«Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп: халықтың бірлігі, жастардың тәрбиесін жақсарту, лаңкестік әрекеттерге жол бермеу, жастарды нашақорлықтан, араққұмарлықтан, т.б. жаман әрекеттерден құтқару. Отбасы құндылығын насихаттау – басты назарымызда болу керек. Құдайға шүкір, елімізде діни ахуал тұрақты», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Шіркеу басшысы еліміздің басты жетістігі ретінде халықтар достығы мен дінаралық татулық екенін атап өтті.

www.muftyat.kz

 

Return to Top ▲Return to Top ▲