Діни экстремизмнің алдын алу

Облыс орталығында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мешіт имамдарының және арнайы сала мамандарының қатысуымен  мектеп оқушыларының арасында кездесу өтті.

Басқосу Жұмабек Тәшенов атындағы №20 жалпы орта мектебінде өткен. Шараға қатысқан жоғары сынып оқушыларына ұлттық құндылықтар, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу, теріс діни ағымдардың ықпалын азайту, жат ағым өкілдерінің пайда болуы және олардың мақсаты, ғаламтор құрбанына айналудың негізгі себептері туралы мағлұматтар беріліп, олардан сақтану жолдары жайлы бейнеролик көрсетілді.

Return to Top ▲Return to Top ▲