«Вайнах» шешен-ингуш диаспорасы ас берді

24-ақпан күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде шешен-игнуш диаспорасы қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларына арнап ас берді. Ас басында  арнайы жиналған жамағатқа 1944 жылғы оқиғаны баяндайтын видеоролик көрсетілді. Сауапты істі ұйымдастырушы «Вайнах» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саип Байдуев қиын қыстау күнінде құшағын жайып қарсы алған қазақ халқына алғысын білдірді. Аталмыш іс-шараны ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, Кенжетай қажы Байкемелұлы құран бағыштап, дұға жасаумен қортындылады.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз хатшылығы

Return to Top ▲Return to Top ▲