Берекелі дастарханнан өзге дін өкілдері дәм татты

Рамазан айы – мұсылмандардың сансыз сауаптарға кенеліп, жүректерге қуаныш пен шаттық сыйлайтын қасиетті ай. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» деген хадисін негізге ала отырып,облысымыздағы ауған диаспорасының өкілдері «Қызылжар» орталық мешітінің асханасында кең дастархан жайып, ауызашар берді.image-21-07-14-13-03-3

Берекелі дастарханнан дәм татуға ниет білдіріп келгендердің арасында қырғыз, тәжік, әзербайжан, т.б. мұсылман диаспораларымен қатар неміс, украин диаспораларының өкілдері, сондай-ақ жергілікті жамағат та қатысты.

Ауызашарда қасиетті Құран оқылып, ғибратқа толы уағыз айтылды.

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲