БАС ИМАМ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков іс-сапармен Жамбыл ауданына барды. Сапар барысында алдымен өңірдің бас имамы аталған ауданның әкімі Марат Ескендіровпен кездесіп, діни ахуал талқыланды.

Сондай-ақ, сапар аясында Хамзат Әділбеков аудан әкімдігінде жұмыс істейтін жас мамандармен және депутаттармен жүздесті. Кездесу барысында өңірдің бас имамы өңіріміздегі діни жағдай туралы жан-жақты айтып, 2022 жылға арналған діни басқарманың жұмыс жоспарымен таныстырды.

Биыл Жамбыл аудандық «Тәуба» мешітінің жанынан оқу орталығы ашылмақ. Онда 12 бала білім алуға мүмкіндік алады. Хамзат Қажымұратұлы оның жұмысымен танысып, маңызды істі бастап жатқан «Қамдол халық» қайырымдылық қорына сәттілік тіледі.

Кейін Хамзат Қажымұратұлы аудан орталығындағы мешітке барып, жергілікті жамағатпен кездесті. Қасиетті жұмада «Мұсылманның абыройын қорғау- иманды адамның міндеті» жайында жұма уағызын жүргізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲