АУЫЛДА ДА ӘЗ МӘУЛІТ ӨТТІ

Мәуліт мерекесі теріскейде кең көлемде аталып өтуде. Адамзаттың асыл тәжі болған ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның туылған күні, Мәуліт мерекесі Мағжан Жұмабаев ауданында да тойланды.

Шарапаты мол бұл мерекеге жамағат көп жиналды. Ұлық мейрамды «Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы Азамат Сәрсенов қасиетті Құран Кәріммен ашты. Дәстүрлі шарада «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, аудан әкімі Қайрат Пішенбаев құттықтау тілектерін жеткізді.

Қазақ халқының қуанышы мен шаттығын жырға бөлеген діни термелер тыңдалды. Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.

Жиылған қауымға ақ дастархан жайылып, ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

DSC01948.jpg (640×427)

DSC01956.jpg (640×427)

DSC01944.jpg (640×427)

DSC01943.jpg (640×427)

 DSC01952.jpg (640×427)

Return to Top ▲Return to Top ▲