Аспаздық қабілеттерін сынады

«Қызылжар» орталық мешітінің сауат ашу курсында оқитын қыз шәкірттердің арасында аспаздық қабілеттерін сынау мақсатында сайысы өтті. Сайыс үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қыздар өз топтарымен таныстырды: «Қос қарлығаш», «Мәида», «Кәусар», ұрандарын айтып, он минуттың ішінде үйде дайындап келген тамақтарын жасап шықты. Екінші бөлімінде қыздар тақтада жазылып тұрған мәзір бойынша салат жасауға тырысты. Үшінші бөлімінде он бес минуттың ішінде  үш түрлі салат жасауға тапсырма берілді. Қажы апалар құрамындағы әділ қазылар алқасы «Қызылжар» мешіті кейпінде салатты жасап шыққан «Қос қарлығаш» тобына бірінші орын берді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

dsc08875

dsc08909

dsc08941

dsc08960

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲