АРТЫҚ БІЛІМ – КІТАПТА

Жамбыл аудандық Тәуба мешітінде  «Артық ғылым – кітапта» атты іс-шара өтті. Мешіттің бас имамы және жас еріктілер  тобының бастамасымен ұйымдастырылған жиын барысында кітап оқырмандары клубын құру туралы шешім қабылданды. Оның мақсаты жас жамағаттың кітап оқуға деген ынта-ниетін арттыру болып отыр. Ол үшін клуб мүшелері бір ай көлемінде оқыған кітаптары бойынша тест өткізіп, өзара жарыс ұйымдастыруды көздеуде. Осылайша олар айдың үздік жеңімпазын анықтап отырмақ.  Үстіміздегі айда «Дін мен дәстүр» кітабын оқу ұсынылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲