Алматы қаласы: «Әйелдер-қыздар» секторының кезекті бас қосуы өтті

«Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Алматы орталық мешітінде жиналыс өтті. Жиынға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы қатысты.

Жиын барысында 2017-2018 оқу жылының жоспары, өтетін іс-шаралар,  сонымен қатар, әйел жамағатымен әйелдерге қатысты мәселелерді талқылау мақсатында кездесулер ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.

Нұрбек қажы Ұстаздық – жауапкершілігі мол қызмет екендігін, оған селқос қарауға болмайтындығын, дін саласындағы қызмет екі дүниеде де маңызды әрі абыройлы қызмет екендігін баса айта отырып, тұшымды уағыз-насихат айтты.

Жиналыс соңында ұстаздардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, оларға жауап берілді.

 Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲