АБАЙ МҰРАЛАРЫН ДӘРІПТЕДІ

Ақжар ауданының «Үлкен-Қараой» мешіті жанындағы жастар ісі секторы аудандық кітапханада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өткізді. Іс-шараға Талшық ауылының мешіт қызметкерлері, кітапхана ұжымы,  мектеп ұстаздары мен шығармашыл жастары қатысты. Абай мұраларын дәріптеуге арналған кеште ұлы ақын өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Сондай-ақ қатысушылар кітапхана ұжымы дайындаған «Абай әлемі» атты көрмені тамашалады.

Return to Top ▲Return to Top ▲