Үшінші хадис – Исламдағы бес парыз

عن أبي عبد الرحمن عبدالله بن عمر بن الخطاب رضي الله عنهما قال: سمعت رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول (( ‏بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ ‏ ‏مُحَمَّدًا عبده ورسوله وَإِقَامِ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَ  حَجُّ الْبيت وَصَوْمِ رَمَضَانَ

            Әби Абдурахман Абдолла ибн Омардан риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.у) естідім «Ислам діні бес негізден тұрады: Алладан басқа тәңір жоқтығына және Мұхаммедтің (с.а.с.) Аллаһ жіберген шынайы елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, (шамасы келсе) қажылыққа бару»делінген. [1]

Хадисті жеткізуші сахаба

Абдуллаһ ибн Омар  (р.а) пайғамбарлықтың үшінші жылы Меккеде дүниеге келді. Толық есімі Абу Абдиррахман Абдуллаһ ибн Омар ибн ал-Хаттаб ал-Қураши ал-Ғадауи.  Әкесі хазірет Омар ибн ал-Хаттаб, ал шешесі Зайнаб бинти Мазғун ал-Жумайһи болатын. Хазірет пайғамбарымыздың ﷺ жары момындардың анасы хазірет Хафса (р.а) Абдуллаһ ибн Омардың (р.а) туған әпкесі.Абдуллаһ ибн Омар (р.а)  жас, алғыр және хазірет пайғамбарымыздың ﷺ туысы болуы себепті тафсир, хадис, фиқһ және басқа да ғылымдарды жетік меңгерді. Абдуллаһ ибн Омар (р.а)  көп пәтуа берген жеті сахабаның бірі еді. Әсіресе жасы ұлғайған сахабалар өмірден озып кеткенде көпшілік мұсылмандар Абдуллаһ ибн Омар (р.а)  мен Абдуллаһ ибн Аббасқа (р.а)  барып олардан пәтуа сұрайтын. Осылайша Абдуллаһ ибн Омар (р.а) өмірінің 60 жылын халыққа пәтуа берумен өткізген. Әрі ең көп хадис жеткізген (муксирун) жеті сахабаның екіншісі болып, хазірет пайғамбарымыздан ﷺ қайталанғандарымен бірге қосқанда 2630 хадис риуаят еткен. Бұған қоса Ислам тарихында Ғабадила (Абдуллаһтар) есімімен танымал сахабалардың бірі болған. Олар – Абдуллаһ ибн Омар, Абдуллаһ ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Зубайр және Абдуллаһ ибн Ғамр ибн Ас болып бұл төртеуінің бір мәселеде ортақ пікір ұстануы шариғатта өте құнды дәлел болып бағаланады.

Хадистің тілдік мағынасы

Арабша Аудармасы Арабша Аудармасы Арабша Аудармасы
بُنِيَ الْإِسْلَامُ Ислам құралады عَلَى خَمْسٍ Бес нәрсеге شَهَادَةِ куәлік
أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ Алладан басқа тәңір жоқ екеніне وَأَنَّ ‏ ‏مُحَمَّدًا Мухаммедтің عبده Алланың құлы
ورسوله Және елшісі екеніне وَإِقَامِ الصَّلَاةِ Және намаз оқу وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ Зекет беру
وَ حَجُّ الْبيت Қажылыққа бару   وَصَوْمِ رَمَضَانَ Ораза ұстау

Исламның бірінші негізі шаһадат.[2]

Исламның екінші негізі – намаз.

Намаздың сыртқы және ішкі парыздары:

Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде. Әуелі сыртында болғандарға тоқталайық.

  1. Хадасаттан тазалық.
  2. Нәжісаттан тазалық.
  3. Әурет жерін жабу.
  4. Құбылаға бет бұру.
  5. Уақыт.
  6. Ниет.

Бұлар намаздың шарттары деп аталады. Қалған алтауы намаз ішіндегі парыздар:

  1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
  2. Қиям (Тұру)
  3. Қырағат (оқу)
  4. Рүкүғ
  5. Сәжде
  6. Ақырғы отырыс

 

Сыртқы парыздары

  1. Хадасаттан тазалық (Рухани тазалық)

Ғұсылы болмау, дәреті болмау, хайыз немесе нифас жағдайы – «хадас халі» деп аталады. Дәретсіздік – кіші хадас. Жүніп, хайыз, нифас – үлкен хадас. Кіші хадас немесе үлкен хадастан тазалану – жуыну, дәрет алу немесе тәйәммүм алу арқылы іске асады. Құранда Алла былай дейді: «Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар, және екі тобыққа дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар. Науқастанып қалсаңдар яки сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып келсе яки әйелге жақындассаңдар,  сонда су таба алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғыңдар, онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге салмақ түсіруді қаламайды. Бірақ сендерді тазартуды, сондай-ақ, шүкіршілік етулерің үшін сендерге нығмет, ырыс-берекесін толықтыруды қалайды»[3]

  1. Нәжістерден тазалану (Заттық тазалық)

Намаздан  бұрын дене мен киімді немесе намаз оқылатын жерде болған ластықтың тазалануы қажет. Бұл намаздың іске асуы үшін шарт. Алла тағала Құран кәрімде: «Киіміңді тазала»[4].

  1. Әуретін жабу

Әурет – шариғат терминінде қарауы харам, жабылуы парыз ұятты мүшелер. Бұл мүшелердің намазда немесе намаздан тыс жерлерде жабылуы – парыз. Ерлердің әурет жерлері: кіндігінен тізелерінің астына дейінгі жерлері.

  1. Құбылаға бет бұру

Намазды құбылаға қарап оқу шарт. Мұсылмандардың құбыласы – Меккедегі Қағба

Құбыла жақтан 45 шамадан (градус) артық оңға немесе солға бұрылу – құбыланың  шартын бұзады.

  1. Уақыт

Намаз – күннің арнайы белгілі уақыттарында іске асатын парыз. Парыз намаздарға уақыт шарт. Парыз сүннеттері, тарауих және айт намаздары үшін де уақыт шарт.

  1. Ниет

Ниет ету – намаздың шарттарының бірі. Ниет – намазға кіруді қалау. Адам қандай намазға кіргісі келсе, сол намазды жүрекпен білуі шарт. Адам намазға кірерде қай намаз екеніне күмәнданса, намазы дұрыс болмайды. Қайта ниет ету қажет.

 

Ішкі парыздары

  1. Ифтитах (бастау, ашу) тәкбірі

Ифтитах – бастау, жабық нәрсені ашу, ену деген мағынаға саяды. Әрі «тахрим тәкбірі» деп те аталады. Ифтитах тәкбірі – намазға бастарда алынатын тәкбір. Яғни, тіке тұрып, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, құлақ қағу. Түрегеп тұра алмаған кісі отырып тәкбір айта алады. Имамның жамағат естуі үшін тәкбірді жариялап айтуы – мұстахап.

  1. Қиям (түрегеп тұру)

Қиям –тіп-тік түрегеп тұру деген мағынаға келеді. Намазда негізгі парыздардың бірі саналып, әр рәкатта Құраннан бір сүре оқылатындай уақыт тұру.

Бірақ аяқта тұрып намаз оқи алмаса, отырып оқуына болады.

  1. Қырағат

Қырағат – оқу деген сөз. Бұл жерде «Құран оқу» мағынасын білдіреді. Намазда оқылатын аяттың ең қысқасы Әбу Ханифа бойынша үш аят немесе осы үш аяттың көлеміндей бір яки екі аят.

  1. Рүкүғ

Рүкүғ – иілу деген сөз. Намаздың негізгі тіректерінен болған рүкүғ қолдарды тізеге қойып, төмен қарай иілу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаған ең жақсы рүкүғ – арқа мен бастың түп-түзу иілуі. Бұл – нағыз рүкүғ. Егер рүкүғ қиямға жақын шықса, дұрыс емес.

  1. Сәжде

Сәжде сөздікте – бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді. Сәжде– намаздың парызы. Сәждеде маңдай, жүз, екі аяқ пен екі қол, екі тізе жерге немесе жермен жалғасқан бір нәрсеге қойылады.

  1. Ақырғы отырыс

Намаздың соңында «тәшәһһүд» шамасындай отыру – намаздың тіректерінің бірі, яғни парыз. Тәшәһһүд шамасы деген – «әт-тахият» дұғасын оқитындай уақыт.

 

Исламның үшінші негізі – ораза

Оразаның шарттары:

  1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады»де. (Әнфал, 8/38)
  2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға»(Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.
  3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу:Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

Оразаның дұрыс орындалу шарттары:

  1. Хайыз бен нифастан таза болу:Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін оразаның қазасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу – абзал.
  2. Ниет:Барлық оразаға жүрекпен ниет ету – жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің ораза екенін біліп, бұл айда ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәреге тұрса, бұл ісі ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету – абзал. Рамазан оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі, әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл – фақиһтердің басым көпшілігінің пікірі.

Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші – түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл оразаның қазасы және кәффәрат оразасы мен жалпы атау (нәзір) оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып ниет ету шарт. Ақшам уақы-тында шешім қабылдау мен сәреге тұру да ниетке жатады. Екінші – түнде ниеттену мен анықтау шарт емес оразалар: Бұған Рамазан оразасы, уақыты белгіленген атау оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл оразалар жатады. Мұндай оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай оразаға ниет ететін адам екінші шапақтан бері еш нәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі бір күні Айшаға былай деді: «Бесінге тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», – деп жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», – деді.

Кісі түнде қандай да бір оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады. Сол секілді оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, оразасы дұрыс болып саналады.

Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егерде шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет етсе, оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл оразаға ниет етсе, ол Рамазан оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас адам болсын ешқандай айырмашылық жоқ. Сол секілді бір оразамен әрі кәффарат, әрі нәпіл оразаға ниет етсе, оразасы кәффарат ниеті үшін жарамды. Бірақ бір оразамен әрі қазаға, әрі ант кәффаратына ниет етсе, екеуі де жарамсыз. Мұндай ораза нәпіл оразаға айналады. Бip әйел хайыз кезінде түнде оразаға ниеттенсе, екінші шапақтың атуынан бұрын хайыз мерзімі аяқталса, оразасы жарамды. Қапастағы жандар Рамазан айының келгенін біле алмай күмәнданса, өздерінің иштиһаттар-болжамдары бойынша, шешім қабылдап, бір ай ораза ұстайды. Бұл – құбыла мен намаз уақытының анықталуына ұқсайды. Кейіннен рамазан күнінен кем ұстаған болса, ұстамай қалған күндерінің қазасын өтейді. Егер Рамазаннан бұрын ұстаған болса, бұл тек нәпіл оразаға жатады.

 

Исламның төртінші парызы зекет.

Зе­кет­тің бел­гі­лі бір адам­ға па­рыз бо­луы үшін тө­мен­де­гі шар­ттар­дың орын­да­луы тиіс.

  1. Мұ­сыл­ман бо­луы

Бас­қа ғи­ба­дат­тар сияқ­ты зе­кет ғи­ба­да­тын­да да бе­ру­ші адам­ның ақыл-есі дұ­рыс, ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, азат мұ­сыл­ман бо­луы шарт. Мұ­сыл­ман мем­ле­ке­тін­де өмір сү­ре­тін бас­қа дін­ді ұстану­шы­лар­ға жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге зе­кет бе­ру па­рыз емес.

Ха­на­фи мәз­һа­бы­нан тыс бас­қа мәз­һаб­тар­да ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге де зе­кет бе­ру па­рыз. Олар­дың мал­да­ры­ның зе­ке­тін уа­лийле­рі бе­ре­ді.[5]

  1. Ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін не­ме­се одан да көп байлық­қа ие бо­лу

Зе­кет­тің па­рыз бо­луы үшін күн­де­лік­ті тір­ші­лік­те қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­тер мен қа­рыз­дар­дан тыс, ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін бай­лық­қа ие бо­луы ке­рек. Ни­сап де­ге­ні­міз – зе­кет­ті па­рыз ете­тін бел­гі­лі бай­лық мөл­ше­рі.

 

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың  түр­ле­рі мен зе­кет  бе­ру­ді па­рыз ете­тін ни­сап кө­ле­мі

  1.  Ал­тын­да: жиыр­ма ди­нар, яғ­ни, 85 грамм
  2.  Кү­міс­те: екі жүз дир­һам, яғ­ни, 595 грамм
  3.  Түйеде: бес
  4.  Сиыр­да: отыз
  5.  Қой мен еш­кі­де: қы­рық
  6.  Сауда зат­та­рын­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са.
  7. 7.  Ақ­ша­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са
  8. 8.  Бау-бақ­ша жә­не егіс өнім­де­рі

 

Күн­де­лік­ті тір­ші­лік­те қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қажет­тер­ге не­лер жа­та­ды?

  1. 1.  Тұ­ра­тын үйі, үй жи­һаз­да­ры мен ас­пап­та­ры;
  2. 2.  Ғы­лым адам­да­ры­ның кі­тап­та­ры мен өнер адам­да­ры­ның ас­пап­та­ры;
  3. 3.  Өзі жә­не әйелі, ба­ла­ла­ры­на же­те­тен бір ай­лық (бас­қа бір риуаят­та бір жыл­дық) азық-тү­лік­те­рі;
  4. 4.  Өзі жә­не от­ба­сы­ның кие­тін киім­де­рі;
  5. 5.  Дә­рі-дәр­мек­тер. Ді­ні­міз­де ден­сау­лық­ты сақ­тау па­рыз са­нал­ған­дық­тан от­ба­сыға күтімге мін­дет­ті адам­дар­ға қа­жет­ті дә­рі-дәр­мек, ем­ха­на қар­жы­ла­ры не­гіз­гі қа­жет­тіліктерге са­на­лып, олар­дан зе­кет алын­байды
  6. 6.  Егіс­тікпен ша­руашы­лық­пен айна­лы­са­тын адам­дар­дың трак­тор, ком­байн сияқ­ты құ­рал­да­ры мен ас­пап­та­ры­нан зе­кет алын­байды. Бі­рақ бұл құ­рал­дар­мен бас­қа­лар­ға жұ­мыс іс­теп, ақ­ша та­ба­тын бол­са, тап­қан ақ­ша­дан зе­кет алы­на­ды.

 

  1. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді­лі­гі

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді бо­луы олар­ды күн­де­лік­ті өмір­де қа­же­ті­міз­ге қол­да­ну мақ­са­ты­мен емес, иесі­не кі­ріс кір­гі­зу мақ­са­ты­мен қолға ұс­та­луы. Мы­сал­ға, сауда зат­та­ры­ның сауда жа­сау ар­қы­лы, мал-жа­нуар­лар­дың төл­деу ар­қы­лы, егіс, бау-бақ­ша­ның же­міс бе­ру ар­қы­лы иесі­не кі­ріс кір­гі­зуі сияқ­ты. Ал­тын, кү­міс, ақ­ша, әше­кей бұйым­дар­мен сауда жа­сап, кі­ріс кір­гі­зуі мақ­сат етіл­ме­се де, олар­дан зе­кет бе­ру па­рыз. Яғ­ни, олар­дың өсім­ді бо­луы шарт емес.

 

  1. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа бір жыл толуы

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа ай санауы­мен бір жыл то­луы ке­рек. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ха­ди­сін­де: «Бір жыл тол­май байлыққа зе­кет бе­ріл­мейді»[6] – дейді.Бір жыл – зе­кеті бірілетін дүние, мал­да­рдың кө­бейіп, өсе­тін уақы­ты.

Жыл то­лу мә­се­ле­сін­де Имам Әбу Ха­ни­фа­ның көз­қа­ра­сы­на сүйен­сек, зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлық екі­ге бө­лі­не­ді.

а) Ал­тын, кү­міс, бар­лық ақ­ша түр­ле­рі жә­не жыл­дың кө­бін­де қыр­да жайыла­тын мал­дар мен сауда зат­та­ры.

ә) Бар­лық егіс­тік, бау-бақ­ша өнім­де­рі мен қаз­ба бай­лық­тар.

Бі­рін­ші бө­лім­де­гі зе­кет берілетін заттар мен дүние-мүлік, малдардың зе­ке­ті бе­рі­лу үшін то­лық бір жыл то­луы шарт. Өйтке­ні, мал­дар­дың төл­деп, сауда зат­та­ры­ның кі­ріс кір­гі­зе­тін уақы­ты кем де­ген­де бір жыл. Ал екін­ші бө­лім­де­гі зе­кеті  берілетін дүниелердің зе­ке­ті бе­рі­луі үшін бір жыл то­луы шарт емес. Өйтке­ні, егіс пен бау-бақ­ша­дан бір­не­ше айда өнім алу­ға бо­ла­ды. Сол сияқ­ты қаз­ба бай­лық­ты бір жыл­да бір­не­ше рет алу­ға бо­ла­тын­дық­тан, бұ­лар­ға ни­сап мөл­ше­рі мен бір жыл то­лу шар­ты қо­сыл­майды. Ал Әбу Юсуп пен Мұ­хам­мед­тің бұл мә­се­ле­де­гі көз­қа­ра­сы­на сүйен­сек, ша­ма­мен бір тон­на­ға жет­пей­тін жә­не қол­да бір жыл сақ­тауға шы­да­май­тын егіс өнім­де­рі мен же­міс-жи­дек­тер­ден зе­кет алын­байды.

Зе­кет па­рыз бо­лу үшін ха­на­фи мәз­һа­бын­да ни­сап кө­ле­мі жыл­дың ба­сын­да әрі жыл­дың ая­ғын­да то­лық бо­луы шарт. Мы­сал­ға, бір адам не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс 100 грамм ал­тын­ға ие бол­са, бір жыл тол­ған­нан кейін 50 грам­ға азайса, бұл адам­ға зе­кет бе­ру па­рыз емес. Бі­рақ жыл­дың ор­та­сын­да азайып, жыл­дың ая­ғын­да ни­сап кө­ле­мі­не қайта жет­се, зе­кет бе­рі­ле­ді. Мы­сал­ға, ал­ты ай­дан кейін 50 грам­ға азайса, бі­рақ жыл­дың ая­ғын­да 120 грам­ға шық­са, жыл­дың ба­сын­да­ғы 100 грамның не­ме­се жыл­дың ор­та­сын­да­ғы 50 грамның зе­ке­ті бе­ріл­мей, жыл­дың ая­ғын­да­ғы 120 грамның зе­ке­ті бе­рі­ле­ді.

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін бай­лық, мал-дәу­лет бір жыл тол­ған­нан кейін кө­бейіп өс­се, кө­бей­ген бө­лі­мі­нің зе­ке­ті дәл сол жы­лы бе­ріл­мейді. Кө­бей­ген бө­лі­мі­нің зе­ке­ті ке­ле­сі жы­лы дәл сол уа­қыт­та бе­рі­ле­ді. Мы­сал­ға, бір адам­ның қо­лын­да өт­кен жыл­ғы Ра­ма­зан айы­ның он бе­сін­де 100 мың тең­ге бол­са, бұл кө­лем биыл­ғы жы­лы Ра­ма­зан айы­ның он бе­сі­не дейін 140 мың тең­ге­ге кө­бейіп, Ра­ма­зан айы­ның жиыр­ма­сын­да 160 мың­ға жет­се, 140 мың тең­ге­нің ға­на зе­ке­ті сол жы­лы бе­рі­ле­ді.

Зе­кет­тің па­рыз бо­луы үшін мал­ға бір жыл то­луы ке­рек де­дік, бі­рақ па­қыр ке­дей-кеп­шік­тер­дің жағ­дайын ой­лап, бір жыл тол­май да зе­кет бе­ре бе­ру­ге бо­ла­ды. Бі­рақ бір жыл­да екі рет зе­кет бе­ріл­мейді.

  1. Қа­рыз бол­мауы

Адам­дар­ға бол­ған қа­рыз­дың бар­лық тү­рі – зе­кет­тің па­рыз­ды­ғы­на бө­гет жа­сайды. Мы­сал­ға, бір адам не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс 100 грамм ал­тын­ға ие бол­ды де­лік. Бі­рақ бұл адам­ның бас­қа бі­реуге 20 грамм кө­ле­мін­де қа­ры­зы бол­са, бұл адам­ға зе­кет па­рыз емес. Өйтке­ні, қа­рыз­дан тыс қал­ған мал­дың мөл­ше­рі ни­сап кө­ле­мі­не (85гм ша­ма­сын­да­ғы ал­тын­ның құ­ны) жет­пейді.

 

Ал­дың­ғы бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін беріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз­ға жа­та ма?

Бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін бе­ріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз бо­лып са­на­ла­ды жә­не мін­дет­ті түр­де өте­луі тиіс. Өтел­ген­нен кейін қал­ған ақ­ша­ның құ­ны ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп жат­са ға­на сол жыл үшін зе­кет бе­рі­ле­ді.[7]

  1. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа то­лық ие бо­лу

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін бай­лық­қа зе­кет бе­ру­ші адам то­лық ие бо­луы ке­рек. Яғ­ни, иесі­нің иелі­гін­де жә­не қо­лын­да тұ­рып, қа­ла­ған уа­қыт­та қол­да­на ала­тын­дай мүм­кін­дік­те бо­луы ке­рек. Мы­сал­ға, бас­қа бі­реуге ке­піл­дік­ке бе­ріл­ген затқа зе­кет бе­ріл­мейді. Өйтке­ні, ке­піл­дік­ке бе­ріл­ген зат, иесі­нің иелі­гін­де де­сек те қа­ла­ған уақы­тын­да қол­да­на ал­майды.
Бесінші шарт Қажылық

Қажылық ғибадатының парыздығының шарттары

Белгілі бір адаға қажылық ғибадатының парыз болуы үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс.
1.Мұсылман болу. Мұсылман еместергеиқажылық парыз емес. Сондықтан мұсылман емес адам қажылық ғибадатын орындап болғаннан кейін Ислам дініе кірсе, шамасы жеткен жағдайда қайтадан баруы тиіс.
2.Ақыл-есі дұрыс және балиғат жасына жету.
Балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге қажылық парыз емес. Бұл екеуі қажылықты атқарса, сосын бала балиғат жасына жетсе, ақыл есі кем адам жазылса, қажылықты шамалары жеткен жағдайда қайта орындалуы парыз. Жас баланың балиғат жасына дейінгі жасаған қажылығы – нәпіл қажылық.
3.Азат болу. Қажылық ұзақ уақыт атқарылып, ұзақ сапарды талап ететіндіктен тұтқындарға, түрмедегілерге, құлдарға қажылық ғибадаты парыз емес. Өйткені, тұтқындарға ондай мүмкіншілік жоқ.
4.Уақыт. Арафат тауында арнайы белгіленген тұру уақыты мен зиярат тауабы уақытына өмірі жетпеген адам үшін қажылық парыз емес.
5.Қажылық ғибадатын орындауға шамасының жетуі.
а) Денсаулығы болуы
Денсаулығы нашар, алып жүретін адамы жоқ соқыр, ақсақ, сал сияқты ауруларға ұшырағандарға және көлікке өздігінен міне алмайтын қарт кісілерге қажылық парыз емес.
ә) Қажетті қаражат болуы
Қажыға барып-келу қаржысын, жолда, қажылықта жейтін азығына және әйел бала-шағасының, жалпы қарауына міндетті адамдардың қаражатын қайтып оралғанға дейінгі қаражатын көтере алатын адамға қажылық парыз.
б) Баратын жолдың сенімді болуы
Қажылыққа барудың парыз болуы үшін жол сенімді болуы керек. Баратын жолда соғыс немесе басқа да қатерлі жағдайлар туындаса, қажылыққа бару парыз емес.

Әйел­дер­ге байла­ныс­ты ар­найы шар­ттар

  1. Қа­жы­лық­қа ба­ра­тын әйел­мен бір­ге күйеуі не­ме­се мах­рам[6] туыс­та­ры­нан біреуі бо­луы ке­рек. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ха­дис шә­ри­фін­де бұйыр­ған: «Әйел адам өзі­мен бір­ге мах­ра­мы бол­ма­са, үш күн­нен ар­тық са­пар ше­ге ал­майды».[7] Бұл Ха­на­фи мәз­һа­бын­да. Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да әйел адам­ның жа­нын­да се­нім­ді бір­не­ше та­қуа әйел­дер бол­са, мах­рам­сыз қа­жы­лық жа­сай ала­ды.
  2. Ғид­дет­ті бол­мауы [8]

Қа­жы­лық­қа ба­ра­тын әйел күйеуі­нен та­лақ не­ме­се күйеуі­нің қай­тыс бо­луына байла­ныс­ты ша­ри­ғат­тың бел­гі­ле­ген ғид­дет мер­зі­мін­де бол­мауы ке­рек. Өйтке­ні, Аллаһ Та­ға­ла мы­на аят­та ғид­дет мер­зі­мін­де­гі әйел­дер­дің үй­ден шы­ғу­ла­ры­на тыйым сал­ған: «Та­лақ қыл­ған әйел­де­рің­ді үй­ден шы­ғар­маң­дар, олар да шық­па­сын».[9]Қа­жы­лық­ты бас­қа уа­қыт­та өтеуге бо­ла­ды. Ал ғид­дет бел­гі­лі уа­қыт­қа ар­нал­ған.

Сал ауруына ду­шар бол­ған, ден­саулы­ғы на­шар қарт, мү­ге­дек адам, жол көр­се­те­тін кө­мек­ші­сі жоқ со­қыр адам­дар, жа­нын­да бір­ге ба­ра­тын мах­ра­мы жоқ әйел­дер, ше­тел­ге шы­ғу­дан мем­ле­кет та­ра­пы­нан тыйыл­ған, ба­ра­тын жо­лын­да қа­тер­ге ұшырауы мүм­кін адам­дар қа­жы­лық­қа өз­де­рі­нің ор­ны­на бас­қа бі­реуді көз­де­рі­нің ті­рі­сін­де жі­бе­руіне не­ме­се өзі дү­ние­ден қайт­қан­нан кейін өкіл ре­тін­де ба­рып-ке­лу­ле­рін та­лап ету­ле­рі­не бо­ла­ды.

Қажылықтың түрлері
1. ИФРАД ҚАЖЫЛЫҚ. Миқатта ихрамға кірер кезде тек қана қажылық ғибадатының атқарылуы ниет етілсе, бұл қажылық түрі «ифрад» қажылық делінеді. Ифрад қажылығында умрасыз тек қана қажылық ғибадаты жасалады. Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тас) тас лақтырып болғаннан кейін қаласа құрбан шалады. Өйткені ифрад қажысын орындағандарға құрбан шалу уәжіп емес. Сосын шашын алғызып немесе қысқартқызып ихрамнан шығады.
2. ТӘМАТТУҒ ҚАЖЫЛЫҚ. Қажылық аттарында умра үшін ихрамға кіріп, умраны бітірген соң, сол жылғы Зилхижжа айының сегізінші күні немесе одан да бұрын қажылық үшін қайтадан ихрамға кіру арқылы жасалатын қажылық түрін – «тәматтуғ қажылық» дейді. Тәматтуғ қажылығында умра және қажылық үшін бөлек-бөлек ихрамға кірелі. Бұл қажылықтың тәматтуғ қажылығы болып саналуы үшін умра мен қажылықтың қажылық аттарында сол жылда жасалуы шарт. Тәматтуғ қажылығында умра мен қажылықты бірге орындағандықтан шүкір құрбанын шалу – уәжіп. Қазақстандық көбінесе «тәматтуғ қажылығын» орындайды.
3. ҚИРАН ҚАЖЫЛЫҚ. Миқатта қажылық пен умраны бірге ниет етіп, бір ихраммен істелетін қажылық – «қираң қажылық» делінеді. Умрасын тәмамдағаннан кейін ихрамнан шықпай қажылық амалдарында сол ихраммен аяқтайды. Қиран қажылығында умра мен қажылықты бірге орындағаны үшін шүкір құрбанын шалу – уәжіп. Тәлбия – ихрамға кірер алдында айтылуы уәжіп болған және ихрамды болған уақытта кайталанып айтылатын сүннет дұға: «Ләббайк Аллаһумма ләббайк, ләббайка ләә шәрика ләкэ лэббайк, инналхамда уанни’мәтә ләкә уалмулка ләэ шәрика ләк» (Бухари, Хаж, 26; Муслим, Хаж, 147; Тирмизи, Хаж, 97). Қазақша мағынасы: «Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің әміріңді орындау – менің борышым. Күмәнсіз барлық мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі. Сенің еш серігің жоқ».

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ

«Қызылжар»  орталық мешітінің ұстазы

 

[1] Бұхари, Муслим хадистер жинағы

[2] Бұл тармақ 2-хадисте талқыланған.

[3] Мәида сүресі, 6-аят

[4] Муддәсир сүресі 4-аят

[5] Оған қарауға міндетті жақын туған туысқандары

[6] Әбу Дәәуд, Зекет, 5.

[7] Фатауий һиндия

Return to Top ▲Return to Top ▲