Қызылжар өңірінде Жолдау талқыланды(ФОТО)

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Президент жолдауы жарқын болашаққа бастайды» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді.
Бұл кездесуге қала имамдары, күш құрылымдарының, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Аталмыш «дөңгелек үстелде» алдымен осы тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетілді. Бірінші болып ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы баяндама жасады.

  • «Иә, биылғы Жолдау еліміздегі діни ахуалды тұрақтандырудың бір тетігі болып табылады. Біз болсақ Мемлекет басшысының сындарлы саясатына өз үлесімізді қосып, жұмыла жұмыс жасауға тиіспіз», -деді ол.

Одан кейін дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратбек Зейнуллин мінбеге көтерілді.

  • «Елбасының тапсырмасымен елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірледі»,-деген ол бұл мәселені дін қызметкерлерінің қолдайтынына сенім білдірді.

Дөңгелек үстелге қатысқан өңіріміздің белгілі қариялары да жастарға жанашырлық сезімдерін білдірді. Облыстың құрметті азаматы Болат Сағындықов – солардың бірі. Ал облыстық ардагерлер  кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов жат ағымдарға байланысты алаңдаушылық білдіріп, сыни пікірін де бүгіп қалған жоқ.

Облыстық прокуратураның бөлім бастығы Ерлан Нұрышкин елдің шырқын бұзған лаңкестердің қаншасы құрықталғанын айтып берді.

Басқосу соңында «Қызылжар» мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков «Жат ағымдар несімен қауіпті» деген тақырыпта слаидтар көрсете отырып,  хабарлама жасады.

Дөңгелек үстелді ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қорытындылады.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc02669 dsc02645 dsc02651-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f dsc02655 dsc02656 dsc02670 dsc02663 dsc02682 dsc02686 dsc02692 dsc02664dsc02701 dsc02709 dsc02712 dsc02726

Return to Top ▲Return to Top ▲