ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДАҒЫ ӘЗ МӘУЛІТ

Мәуліт – Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) дүниеге келген күн. Бұл әрбір мұсылман үшін зор қуаныш. Алланың рақым етіп жіберген елшісі – Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеге келген күні Қызылжар өңірінде қаңтар айының алғашқы күндерінен бастап тойлануда. Әлемді қараңғы қапастан иман нұрына алып шыққан адамзаттың сардары – Мұхаммед Пайғамбар (с.a.с.) жайында әңгімелеп, Аллаға мадақ айту мерекенің басты сипаты.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында өткен ұлық мейрамға жақын маңдағы ауылдардан да жамағат арнайы келді. Жиналған қауымға «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат, Қызылжар аудандық мешітінің бас имамы Шарипов Қадырбек Пайғамбарымыз (с.а.с) ның өмірбаяны жайында оның көркем мінезі жайында уағыз айтты.

Сондай-ақ «Қызылжар» орталық мешітінде құрылған шәкірттер тобы салауат оқып, діни әндер айтты.

Қызылжар ауданындағы Мәуліт тойына «Парасат» мектеп-лицейінің оқушылары Хадис жаттап келіпті. Сонымен қатар Мәдениет үйінің әртістері Хақ Тағала мадақталған өлең-жырларды сахна төрінде орындап берді.

Саланатты кеш соңында мереке меймандары Мәуліт дастарқанынан дәм татты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

 

DSC01717 DSC01736 DSC01719

Return to Top ▲Return to Top ▲