Қызылжарлықтар Құрбан айтты атап өтті

Айт намазымен басталатын Құрбан айты «Қызылжар» орталық мешітінде лық толы жамағаттың қатысуымен өткізілді. Жиналған көпшілікті «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы құттықтады. Құрбан айтқа  облыс әкімі Ерік Сұлтанов та қатысып, мерекелік лебізін білдірді.

Намаздан соң бірден құрбан шалу басталды. Бұл орайда облыс әкімі, оның орынбасарлары, басқарма басшылары бірінші болып құрбан шалып, үлгі-өнеге көрсете білді. Негізгі құрбан шалатын орын қаланың шет жағында арнайы дайындалған болатын. Онда ұлық мейрамның құрметіне мал шалу жұмысы  күн ұзақ толастаған жоқ.

Бұл күні дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастың нығая түсуінің бір көрінісі – провославие және рим-католик шіркеуінің басшылары облыстық орталық мешітке келіп, Құрбан айтпен құттықтады.

Құрбан айт ұлттық спорт сайыстарымен жалғасын тапты. Атап айтқанда, Петропавл кәсіби-педогогикалық колледжінің студенттерінің қатысуымен спорттың бес түрі бойынша жарыс өткізілді. Эстафета, гір көтеру, шахмат, арқан тарту және футбол сияқты спорт түрлері бойынша өткізілген жарыс делебені қоздырды. Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді. Сайыс аяқталғаннан кейін мешіт атынан айт дастарханы жайылып, мерекенің сәнін келтірді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc00731  20160912_111027 20160912_111204 dsc00739 dsc00745 dsc00757 dsc00759dsc00843 dsc00851 dsc00857 dsc00859 dsc00879 dsc00881 dsc00884 dsc00888 dsc00735

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲