Қызылжарда Ашура күні аталып өтті

Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады.Мухаррам айы – Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі.

Бұл айдың ең қадірлі түні – Ашура түні. Аллаһу та’ала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен. Хазреті Адамның тәубесінің қабыл болуы, хазреті Нұхтың топаннан құтылуы, хазреті Юнустың балықтың қарнынан шығуы, хазреті Ибраһимнің отта жанбауы, хазреті Идристің тірідей көкке көтерілуі, хазреті Яқубтың баласы хазреті Юсуфқа қауышуы, хазреті Юсуфтың құдықтан шығуы, хазреті Әййубтың аурудан құтылуы, хазреті Мұсаның қызыл теңізден өтуі, хазреті Исаның туылуы және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні болған.

11-қазанда «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен мұсылмандардың ұлық күндерінің бірі Ашура  күні кең дастарханда аталып өтті. Мешітке келген жамағатқа «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат «Өмірдің мәні» тақырыбында уағыз айтты.

c74a12a4-24d2-4403-9e95-020daae3aee8 ca3555fd-c4d8-4918-97b7-b5eb5035a7f5

Return to Top ▲Return to Top ▲