Қызылжардағы «Бауырыңа өмір сыйла» шарасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша «Бауырыңа өмір сыйла» шарасы әр көктемде өткізіледі. Биылғы шара да Қызылжар өңірінде өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Мұқтаждарға жақсылық жасауды білдіретін бұл амалды орындауға дін жолында жүргендер, әрине, белсене қатысады. «Кім бір жақсылық істесе, оған одан да артық жақсылық бар» деген аят («Қасас» сүресі) бәріне де мәлім. Алланың ризалығы үшін жасалған мұндай қайырлы іс міндетті түрде сауапқа айналмақ.

Бұл күні облыстық қан орталығына мешіттердің имамдары мен намазхандардың алғашқы легі келді. Және де бұл шара жалғасын табатын болады.

Қан тапсырып, төсек тартып жатқан науқастарға қол ұшын созған бүкіл бауырларымызға Алла разы болсын!

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc03455

fcdbdf40-9985-4fd2-9aae-6b32f6ea0835-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

b0b6a479-1724-47bb-a5f0-7c503c13642b-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f  

dsc03433

Return to Top ▲Return to Top ▲