ҚМДБ: АСТАНАДА ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТЕДІ (ФОТО)

Наиб мүфти, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының біртоп спорт журналистерімен кездесуінде осындай шешім қабылданды. Кездесуге ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, Астана қалалық футбол федерациясының баспасөз хатшысы Әзиз Жұмаділ, «Қазспорт» телеарнасының редактор-комментаторы Ермек Төрениязов, «Егемен Қазақстан» газетінің спорт шолушысы Дастан Кенжалин, бірнеше сайтты біріктірген «Қазконтент» АҚ-ның редакторы Дәулетхан Жиенқұлов, «Қазақстан» Ұлттық арнасының аға редактор-жүргізушісі Ержан Қалымбайұлы, «Қазақстан Zaman» газетінің шолушысы Нағашыбай Қабылбек қатысты.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында футболдан турнир өткізудегі мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ҚМДБ-ның баспасөз саласы бойынша жұмыстарын жандандыру.

Футбол турниріне еліміздегі ірі телеарналар мен басылымдардың қызметкерлері қатыспақ. Жүлдеге ие болған редакция ұжымы Діни басқарма атынан арнайы бағалы заттармен марапатталмақ.

Журналистер арасында өтетін спорттық сайысты Астана қалалық футбол федерациясымен бірлесе өткізу жоспарланды.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz


Return to Top ▲Return to Top ▲