ҚАШАННАН ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘСТҮР БОЙЫНША

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров –Мағжан Жұмабаев ауданындағы Ноғайбай ауылының тумасы.Ауылға есімі берілген Ноғайбай—оның арғы атасы.Осы бабасына ас беріп,аят оқытуды ол қалт қылмайды.Ал Рамазан айында ауызашар беруден жаңылған емес.

Інісі—«Ноғайбай» шаруа қожалығының басшысы Алтынбек Сапаров екеуі  биыл оразаның  екінші күнінде «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берді.Жиналған жұртшылық көп болғандықтан,мешіттің  ауласындағы екі киіз үйде де дастарқан жайылды.

Ауызашарда бірінші болып ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы лебіз білдірді.Одан соң тоқсаннан асқан Сапар Дүйсенов,Зейнолла Олжабаев қажы,Ноғайбай ауылының тумасы Садық Майкин және басқалар сөз алды.Айдарбек Сейпілұлының алғыс айтуымен аяқталған ауызашарда,әрине,Құран сүрелері оқылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

DSC09050 DSC09057 DSC09059 DSC09064 DSC09066

Return to Top ▲Return to Top ▲