Қайырымды азаматтар ауызашар берді

Біздің өңірімізде оқырманды бас көтермей оқитын газет екеу болса, солардың бірі – «Квартал». Оның басшысы Талғат Айдарханов журналист ретінде ғана емес,  дін жанашыры ретінде де белгілі. Өткен жылы «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар беріп, үлкендердің батасын алғаны есімізде.

Міне, осы «Кварталдың» басшысы қайырымды екі-үш азаматпен бірлесе отырып, биыл да «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берді. Үлкен асхана жамағатқа лық толды. Ауызашар барысында өңір қажылары мен «Қызылжар» орталық мешіті алқа мүшелерінің өкілі игі тілектерін білдірді. «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы намаз бен ораза парыздары туралы уағыз айтты.

dsc06145

dsc06132

dsc06130

dsc06152

dsc06150

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲