Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері наиб мүфти, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болды. Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» атты игі іс-шараның мақсаты мен міндеті жан-жақты сөз болды.
Басқосу соңында атылмыш республикалық қайырымдылық шарасына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мырзаның атынан наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс айтылып, сертификат табысталды.
Өз кезегінде ҚМДБ төраға орынбасары Діни басқарманың, Астана мешіттерінің қайырымдылық бағыттағы жұмыстары туралы баяндап, Ассамблея өкілдеріне жылы лебізін білдірді.
www.muftyat.kz