Ертең еліміздің түлектері ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Жауапты сынақ алдында облыс орталығындағы № 20 орта мектептің шәкірттері «Қызылжар» орталық мешітіне ұстаздарымен арнайы келіп, бата алды.
Найб имам Қасымхан Исаев мектеп бітірушілерге білімнің артықшылығы, ұстаздар мен ата-ананы құрметтеу, жат ағымдардың зардабы,түрлі теріс қылықтардан аулақ болуға ақыл-кеңесін айтты.
«ҰБТ тапсырудың қиындығын түсінеміз, дегенмен алдағы өмірлеріңде бұдан да жауапты сәттер кездеседі. Сондықтан тиянақты дайындалып, білімдеріне сеніңдер», деп түлектерге игі тілегін білдіріп, жігерлендірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.