Шығармашылық бәйге мәреге жетті

Баршамызға белгілі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ислам және дәстүр» республикалық шығармашылық Бәйге жариялаған болатын. Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні аталмыш Бәйге мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Осы орайда, Бәйге сарапшыларының шешімі бойынша ынталандыру сыйлықтарының иегерлері анықталып, 15 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталғандардың ішінде жерлесіміз, өнер адамы Болат Мамытбеков аталмыш сыйақыға ие болды.

Сондай-ақ асыл дініміз Ислам мен қазақы дәстүріміздің арасындағы тамыры тереңге тартқан тарих қойнауынан бері қарай қалыптасқан ата дәстүріміздің сабақтасып жатқандығын, сол дәстүрлеріміздің басым көпшілігі ақиқат дінімізден бастау алғандығын жан-жақты аша білген 13 шығарма іріктелді.

Шығармашылық бәйгенің жеңімпаздары:

1-ші орын: Нұрбол Құдайбергенов, «Абай» атындағы ҚҰПУ-нің 2 курс магистранты. 250 000 теңге иегері.

2-ші орын: Әділ Жәненұлы, «Нұр Қазақстан» университетінің түлегі. 150 000 теңге иегері.

3-ші орын: Роман Бұрқаш, «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің 3 курс студенті. 75 000 теңгенің иегері.

 

 «Тың идея» номинациясы: Мухат Балаубеков, тілші. 50 000 теңгенің иегері.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲