Шал ақын жастарымен кездесу өтті

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне кө­ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыс­тың аманатын арқалаған жас өскін­ді тәрбиелеудің жолдары мен амал­дары да сан тарау. Осы мәселе бойынша, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласынадағы №1-ші Қазақ мектеп-интернатының кітапханасында жоғарғы сынып оқушыларымен  «Жастар тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті. Әңгіме барысында «Сейдахмет хазрет» мешітінің найб имамы С.Абдазов қазіргі қоғамда болып жатқан мұсылман баласына  жат істерді алдын алу үшін сана-сезімі толыққан жастарды дін мен дәстүрімізге тереңірек бойлату керектігін назарға салды. Оқушылар тарапынан имамға әртүрлі мәселедегі сұрақтар қойылып, жауап берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

78990909

Return to Top ▲Return to Top ▲