Шал ақын ауданында Мәуліт өтті

Шал ақын ауданы «Сейдахмет хазрет» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Бұл шараға «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары Қасымхан Абдуллаұлы және Қанат Жылқыбайұлы, көршілес аудан, ауыл имамдары қатысты.

Мерекелік жиын діни фильм көрсетумен басталып, орталық мешіттің наиб имамы Қанат Жылқыбайұлының Құран оқуымен ашылды. Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Қараханұлы жамағатты айтулы мерекемен құттықтады. «Қызылжар» мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы жиналғандарды Мәуліт мерекесімен құттықтап, Мәулітті атап өтудің мән-маңызы, адамзат асылы болған пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолы мен бойындағы асыл қасиеттері жайлы ғибратты әңгімелер айтты.

Мерекеде Біржан Есжановтың орындауында пайғамбарымыз(с.ғ.с) жайлы мадақ өлеңдер мен термелер, имамдардың орындауында салауаттар айтылып, діни көріністер қойылды. Жиын соңында мешіт асханасында көпшілікке дастархан жайылып, ас берілді. Бес жасар Ерасыл Қадіржанұлы Құран сүрелерін оқумен жұртшылықты тәнті қылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20170116-wa0008 img-20170116-wa0010

img-20170116-wa0004 img-20170116-wa0005 img-20170116-wa0006

img-20170116-wa0009 img-20170116-wa0003

img-20170116-wa0011

Return to Top ▲Return to Top ▲