«Халал ет» ЖШС мекемесінің сертификаты жаңартылды

«Халал Султан» атымен танымал шұжық өндіретін кәсіпорынның сертификаты жаңартылды. «Халал ет» ЖШС өнімдері қайта тексерістен өткізіліп, қызметкерлеріне оқыту жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша қадағалануда. Сертификатты ҚМДБ-ның Ғаламтормен жұмыс бөлімі меңгерушісі әрі “Халал Даму” ЖШС-ның жұмысшы тобының мүшесі Мұрат Абдыхалықов арнайы табыстады.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Return to Top ▲Return to Top ▲