Облыс имамдары ұлттық мектептерде білім алып жүрген қазақ балаларының тәлім-тәрбиесіне өзіндік үлес қосуға мүдделі. Петропавл қаласында қазақ тілді білім беру мекемелерінің саны-бесеу. «Қызылжар» орталық мешітінің имамдары бұл мектептерге жиі ат ізін салып, тәрбиелік мәні зор әңгіме жүргізеді. Жақында осындай кездесу Жұмабек Тәшенов атындағы № 20 қазақ орта мектебінде өтті. Бас имам Кенжетай қажы Дүйсенбай орта буын оқушыларына білім алудың артықшылығы, жақсы бала ата ана үшін көзқуаныш екендігін, басқа да тәрбиелік ақыл кеңестерін айтты.
Шәкірттер білуге құмартқан сұрақтарын «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамына қоя алды.
СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.