Тыңдағы өңірінде тойланды

2 сәуір күні  Тимирязев ауданының Мәдениет үйінде  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні-Мәуліт мерекесі өтті. Бұл мерекеге Тимирязев  ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Лебаев, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы  Кенжетай қажы Байкемелұлының тапсырмасымен арнайы орталық мешіттің наиб имамы Азамат Сарсенов қатысты. Жиналған қауымды наиб имам Азамат Сарсенов  мәуліт мейрамымен құттықтады. Мәуліт оқылған соң,  мереке мектеп-интернат оқушыларының концерттік бағдарламаларымен жалғасты. Мереке соңында аудандық мешіттің асханасында қонақтарға, жамағатқа ақ дастарқан жайылып, ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

IMG-20160404-WA0005 IMG-20160404-WA0001 IMG-20160404-WA0004

Return to Top ▲Return to Top ▲