ТАЙЫНШАЛЫҚТАР МӘУЛІТ ӨТКІЗДІ

Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) туған күні—Мәулітті мерекелеу Тайынша аудандық Мәдениет үйінде барлық сән-салтанатымен жүзеге асырылды.Оған қатысушыларды алдымен ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы,»Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай құттықтады.Одан кейін Тайынша ауданының әкімі Ерік Хасенов құттықтау лебізін білдірді.

Мәуліт тартымды өткізілді.Бұл ретте жүргізушінің сөзге жүйріктігі мейрамның шырайын жандыра түсті.Дін мен дәстүрді дәйім дәріптеп келе жаққан көкшетаулық ақынның өлеңдері де жүректерге жетіп жатты.Сондай-ақ Ақан сері атындағы колледждің бір топ студенттері  қойылымын қызықтатты.Мәуліт соңында аудандық мешіттің бас имамы Руслан Қайыргелді демеушілерді марапаттады.

Мәулітке қатысушыларға дастарқан жайылды.Онда «Қызылжар» мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.)көркем мінезі туралы уағыз айтты.

«Қызылжар» орталыұ мешітінің баспасөз қызметі.

8d3f3ec7-c0d5-4299-9d94-2e3daed35005 5647ab48-cb6c-4d0f-9cf0-b8e24907a8ed b4119716-9a12-412f-a8cf-834e43aa9498

Return to Top ▲Return to Top ▲