СҚО имамдарының жылдық есебі тыңдалды

Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар» орталық мешітінде аудан, қала имамдарының 2016 жылғы атқарған іс-шараларының  қорытынды есебі тыңдалды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт бағыт  бойынша жұмыс атқару,  кереғар ағымдармен жұмыс жасау деңгейін ерекше атап өтті.Заманауи имамды сипаттай келе XXI ғасыр имамы білімі мен біліктілігі қатар жүретін ұстаз, адам жанын түсіне алатын психолог, тәрбиеші, рухани көсем әмбебап адам болуы тиіс екенін атап өтті.

Жалпы, қала, аудан имамдарының жылдық есеп беру мәжілісі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бірқатар аудандарға «жақсы» деген баға берілсе кейбіріне «Қанағат» деген баға берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc01675 dsc01680 dsc01614 dsc01649 dsc01663 dsc01669

Return to Top ▲Return to Top ▲