Шарапаты мол қасиетті Рамазан айында Солтүстік
Қазақстан облысы бойынша «Зекет» қоры «Қызылжар» орталық мешітінің жанында
қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Шара
барысында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 200 отбасыға
қаржылай және азық-түліктер үлестірілді.
Осы игі іс-шараға қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла разы болсын !