Суицидтің алдын алу – басты назарда

Өзіне-өзі қол салу термин тілінде «суицид» деп аталады. Суицид – қатты қажыған, шарасыздықтан шаршағанда немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жасөспірім ұл-қыздардың арасында кездеседі. Оның даму жолдарына жалғыздық, ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, жасөспірімнің өзінің шешім қабылдауына тыйым салуы, ата-ана арасындағы түсінбеушілік, қызметкер мен басшы арасындағы келіспеушілік, оқушы мен ұстаз арасындағы шиеленіс, отбасындағы әлеуметтік ахуал, құрбылар арасындағы қатынастың нашарлауы, еркіндік бермеу және тағы басқа себептерді жатқызуға болады.

Шариғат заңдарында адамға өзін-өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Ислам дінінде өз-өздеріне қол салушылардың күнәсі адам өлтіргеннен де ауыр болып есептеледі. Сондықтан Алланың берген сыйын медет тұтып, өмірдің бағытымен ғұмыр кешіп, күйзеліске түскен жандарға көмектесу қажет. Суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізген жөн. Оның емі – иманда. Жүрекке имандылық ұялату – басты шарт. Осы мақсатта «Қызылжар» орталық мешітінің жастар бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы № 24 орыс мектебінде «Суицид» нәубетін алдын алуға орай уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді. Аталмыш кездесуде «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат және қалалық «Мухсин» мешітінің бас имамы Құрсақов Абылай уағыз айтты. Сондай-провослав дін өкілдерінен де дін қызметкерлері қатысты.

20160202_131728 20160202_131807

Return to Top ▲Return to Top ▲