Солтүстікқазақстандық дін қызметкерлері сынақ тапсырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша елімізде жүргізіліп жатқан сынақ Қызылжар өңірінде де өтті.

Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Солтүстік Қазақстан облысына арнайы келді. Алдымен қала, аудан имам-молдалары және басқа да діни қызметкерлердің қатысуымен семинар өткізілді. А.Ұтысханұлы имам-молдаларға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмаларын жеткізді. Және де діни басқарманың атқарып жатқан жұмыстарын, діни қызметкерлерге жүктеліп отырған жауапкершілік жайлы айтып берді.

Бұл шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, СҚО бойынша  өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Дүйсенбай  аттестацияға қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл сынаққа облыс бойынша барлығы 104-тен астам дін қызметкерлері қатысты.  Олар «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы» бойынша сұрақтар қамтылған сынақ тапсырды.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20161103-wa0003 dsc01469 dsc01483 img-20161103-wa0004   dsc01444 dsc01447  dsc01458

Return to Top ▲Return to Top ▲