Сан алуан тұрғындар тамашалады

Есіл ауданы, Явленка селосының ауыдандық Мәдениет үйінде  Мәуліт мерекесі өтті. Бұл мерекеге жақын жатқан аудан ауыл мешіттерінің имам-молдалары мен жамағаты, «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Исаев қатысты. Мәулітті аудан әкімінің орынбасары Еділ Мейрамұлы Тұтқышев кіріспе сөзбен ашты. Одан кейін «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы жамағатты құттықтап, уағыз айтты. Бұл күні Мәуліт дұғасы арабша оқылды. Одан соң аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары кезек алды: олар жарты сағат бойы концерт берді.

Мәуліт соңында ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20170220-wa0035

img-20170220-wa0000

Return to Top ▲Return to Top ▲