САЙТ БЕЙНЕЛЕНГЕН БИЛБОРД ІЛІНДІ

    ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің уағыз-насихат жұмыстарын оңтайландыру, уағыз-насихаттың бұқаралық сипат алуын кезек күттірмей қолға алу туралы тапсырмаларын жедел орындау мақсатында ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігімен түрлі жұмыстар ұйымдастырылуда. Өңіріміздің әр мешіті осы бағытта жұмыстар атқаруда.

Жат ағымдармен қарқынды күрес жүргізу – әр имамның парызы. Қазіргі таңда жастардың дәстүрден тыс жат ағымдардың жетегінде кетуі өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан да алдымен жастардың діни сауатын ашу басты міндет. Қазіргі заман ақпараттың заманы. Көпшілік жастарымыз Ислам жайлы мағлұматтарды өз беттерінше заманауи құралдар мен интернет желілері арқылы алатындығы белгілі. Осы орайда дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттайтын діни сайттардың маңызы зор. Бұл жайында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жиі айтуда. Осыны негізгі алған Петропавл қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Әбілхан қажы Балтаұлы қалалық әкімдік және өңірлік Дін істері басқармасының қолдауымен ҚМДБ-ның ресми сайты жарнамаланған жеке билбордты қаланың басты Жамбыл көшесіне орнатты. Онда Бас муфтидің Ислам құндылықтарын насихаттауда ғаламтордың маңыздылығы жайында айтылған сөзі мен «Таным тұғыры», «Мүбәрәк рамазан», «Ғибратнама», «Дін мен дәстүр» кітаптарының суреттері бейнеленген.

 

Петропавл қалалық «Нұр» мешітінің

баспасөз қызметі. 

Return to Top ▲Return to Top ▲