Рождествомен құттықтады

Католиктердің Рождество мерекесіне орай, ислам және православиелік христиандар діндерінің өңіріміздегі басшылары облыс орталығындағы «Святая тройца» рим-католик шіркеуінде болды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы мен Петропавл-Булаево ипархиясының хатшысы Сергей Первушин құттықтау лебіздерін білдірді. Салтанат соңында келушілерге дастархан жайылды.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲