РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА ҚМДБ МЕН «ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ» ТЕАТРЫ РУХАНИ-ПАТРИОТТЫҚ КЕШ ӨТКІЗЕДІ (ВИДЕО)

Алматыда қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Өнер қырандары» театры ұжымы бірлесіп, «Берекелі мереке» атты рухани-патриоттық кеш өткізбекші.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жастар жат ағымның жетегінде кетпес үшін осы жаңа жоба арқылы дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтары мен игіліктерін насихаттамақшы. Сондай-ақ, бүгінгі буынды отансүйгіштік қасиет пен бауырмалдыққа тәрбиелеуді көздеп отыр.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«Қазақстан» Ұлттық арнасы

 

Return to Top ▲Return to Top ▲