Облыс имамы епископпен кездесті.

Бүгін, 7 қаңтар күні, христиан дін өкілдерінің Рождество мерекесі.  Бұл мереке Иса (ғ.с.) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі болып саналады. Осыған орай қоғамдағы ұлтаралық қатынасты, еліміздегі діни келісім мен толеранттылықты сақтау мақсатында ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы,  «Облыстық Қызылжар орталық»  мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы Петропавл-Булаево епархиясының епископы, Гуриймен кездесті. Кездесу барысында облыс имамы православтарды мейрамдарымен құттықтап, өз атынан құттықтау хатын табыстады.

Аталмыш кездесуге сондай-ақ жергілікті Дін істері басқармасының жетекшісі Зейнуллин М.Б., «Святая Троица» рим-католик шіркеуінің жетекшісі Дариуш Пашинский қатысты.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲