Облыстық қажылар қауымдастығының жаңа төрағасы тағайындалды

         Наурыздың 31-і күні ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітінде қажылар қауымдастығының жиыны өткізілді.

Бұл шара барысында бас имам Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы өңіріміздің қажыларына жаңадан тағайындалған төраға – Мұқышев Берік қажы Файзоллаұлын таныстырды.

Осы шара аясында өкіл имам қауымдастықтың өңіріміздегі дін саласының дамуына белсене атсалысатыны жайлы айтып, жаңадан тағайындалған төрағаның жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Сәлима қажы Балтабаева мен Мұқанғалиев Берік қажы Ағыбайұлы төрағаның орынбасарлары болып тағайындалғанын айта кету қажет.

Мұсылмандық бесінші парызды орындаған облысымыздың қажылары да сөз алып, мешіт пен қауымдастықтың бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын тілге тиек етті. Олар сауабы мол қайырымдылық шараларды өткізуде барынша қолғабыс көрсететінін айтты.

Жас ұрпаққа рухани тәрбие беруде және оларға діннің өміріміздегі алатын орны туралы түсіндіруде осындай қауымдастықтар мол септігін тигізеді.

         «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲