Нәтижелі іс-сапар

         Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары Қасымхан Абдуллаұлы Исаев пен Аян Болатұлы Алыпқашев үш күндік іс-сапарда болып қайтты. Сапар барысында облысымызға қарасты шалғайда жатқан елді-аймақтардың тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда:

–         Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл селосында, содан кейін Ақтүйесай, Өндіріс, Бидайық ауылдарында мектеп оқушылармен кездесіп, дінмен біте қайнасып кеткен асыл дініміздің құндылықтары жайында, діни ілім мен дүниеауи білім алу турасында уағыз айтты. Мектеп түлектеріне ақ баталарын беріп, бірыңғай ұлттық тестілеуден сүрінбей өтулері үшін жақсы дайындалуларына үндеді.

IMG_2782

–         Кішкенекөл селосының №2 орта мектебінде аудандық мешіттің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған 9-11 сынып оқушылары, мұғалімдері қатысты. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға имамдар толыққанды жауап беріп отырды. Дөңгелек үстел барысында дін мен қазақы салт-дәстүрдің сабақтастығы талқыланып, әркім өз ой-пікірімен бөлісті.

–         Уәлиханов ауданының «Қожахмет хазірет» аудандық мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мне дәстүр» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл шараға аудандық әкімшіліктен, ішкі саясат бөлімінен, БАҚ-нан өкілдер және ауыл молдалары қатысты. Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аян Алыпқашев жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

–         Ақжар ауданының Ақсары,Ұялы, Алқатерек және Май ауылдарында кездесулер өткізіліп, жастарға жат ағымдар жайында мол мағлұмат айта отырып, оларды діни оқу орындарына үгіттеу жұмыстары жасалды.

–         Тайынша ауданына қарасты Чкалово селосында мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, имамдар тарапынан салиқалы уағыз айтылды.

 

Үш күн бойына созылған іс-сапар нәтижелі аяқталып, күн тәртібінде тұрған мәселелер толық қамтылды.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲