Мәуліт – Ақжар ауданында

Ұйымшыл Ақжар ауданының жыл сайын Мәуліт өткізуге де өзгеше. Аудандық деңгейдегі мейрам Талшықта ғана емес, ірі ауылдық округтерінің орталықтарында ұйымдастырылады. Биылғы жылы Ленинград ауылындағы мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі өтті. Оған «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары Қ.Абдуллаұлы мен А.Болатұлы, жақын аудан мен ауыл мешіттерінің имамдары мен жамағаты қатысты. Мәуліт Құран оқумен басталды. Аудан әкімі Серікбай Шәріпұлы жиылған жамағатты айтулы мерекемен құттықтады. Орталық мешіттің наиб имамы Қ.Исаев пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) өнегелі өмірінен және «Кімде-кім маған бір мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағала оған он мәрте салауат айтып, он қателігін кешіреді де, дәрежесін он мәрте көтереді» деген хадисін келтіріп, пайғамбарға(с.ғ.с.) деген салауат айтудың артықшылығы жайында уағыз айтты. Бұл мерекеде мәуліт оқылып, салауат айтылды. Діни әндер орындалды. Мерекеге келген көпшілік жамағатқа «Жанна» кафесінде демеушілердің ұйымдастыруымен қайырымдылық дастархан жайылып, ас берілді. Онда аудан имамы Ақылбек Бердібеков пен «Қызылжар» мешітінің наиб имамы А.Болатұлы уағыз айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20170112-wa0002 img-20170112-wa0007 img-20170112-wa0004 img-20170112-wa0005  img-20170112-wa0003

Return to Top ▲Return to Top ▲