«Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты акция өткізілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  мүгедек жандарға көңіл бөлініп, оларға қайырымдылық жасау туралы тапсырмасына орай,  Ақжар ауданы «Үлкен-Қарой» мешітінің ұйымдастыруымен «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты қайырымдылық акция өткізілді. Акция аясында мүгедектерге, күнделікті азық-түлік, яғни қант, шай,күріш, ұн,т.б азық-түлікпен 5 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына, «Үлкен-Қарой» мешітінің Бас  имамы Тұрлыбеков  Азамат арнайы барып, уағыз айтты.  Дұға жасап, мүгедек жандардың көңілдерін аулау мақсатында, оларға арнайы ғибратты әнгіме айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Безымянный 658

Return to Top ▲Return to Top ▲