Миғраж құрметіне арналған ауызашар

Қасиетті Құранда мынадай аят бар: «Алла – пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Алла тағала) бір түні Өз пендесін (Мұхаммедті) әл-Харам мешітінен төңірегі тұнған береке – байлық – әл-Ақса мешітіне алып келді. Шынында, Ол (Алла тағала) естуші әрі көруші» («Исра» сүресі, 1-аят).

Осы аятта көрсетілген Миғраж түні құрметіне Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берілді.

Ауызашар Құран оқумен басталды. Бұл шараға  ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қатысып, Миғраж түні туралы уағыз айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲