Осы айдың басында Петропавл кәсіби – педагикалық колледжінің ұжымы «Қызылжар» орталық мешітіне Боркидегі оқу орнында Наурыз мейрамын өткізу жөнінде өтініш білдірген еді. Осыған орай өткен сенбіде онда жыл басы тойланды. Салтанаттың ашылуына ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай мен колледждің директоры Жеңіс Әбілмәжінов қатысып, студенттерді Наурызбен құттықтады. Орталық мешіттің бас имамы колледждің аудиторияларынаралады. Қолөнермен шұғылданатын шебер студенттердің қолдарынан шыққан бұйымдарды тамашалады. Студенттер болса жыл басын спорт сайыстарымен қарсы алды: футбол ойнады, арқан тартысты. Сегіз түрлі жарысқа қатысқан үш жүздей студенттің бәріне де мешіттің сыйы—наурыз көже ұсынылды. Мешіттің тартуы мұнымен тынған жоқ: жастарға дастарқан жайылды , әсіресе, палауға бәрі риза болды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі